Непал билігі апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының қара жәшігін Францияға жіберді
Әуе кемесінің ұшу кезіндегі мәліметтерді тіркейтін құрал сол жақта сарапталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі осы ұшақты шығарушы компанияның штаб-пәтері Тулузда орналасқан. Ал борттағы диктофонды жергілікті мамандар зерттемек.
Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Катмандудан шыққан жолаушылар ұшағы Покхара қаласының әуежайына қона бергенде апатқа ұшырады. Оқиға кезінде әуе көлігінде 4 экипаж мүшесі мен 68 жолаушы болған. Құтқарушылар олардың 69-ының денесін тапты. Тағы 3 адамның мәйіті әлі іздестіріліп жатыр. Апаттың себептері әлі белгісіз.