Австралияда ұшақ аман-есен қонды

Ал Австралияда апат дабылын қосқан ұшақ аман-есен жерге қонды.

Лайнер Жаңа Зеландияданың Окленд қаласынан Сиднейге бет алған. Бортында 100 жолаушы отырыпты. Тынық мұхит үстімен ұшып бара жатқанда қозғалтқыштағы ақау туралы хабарлама келіп түскен. Сөйтіп ұшқыштар апат дабылын қосқан. Алайда абырой болғанда, ұшақ аман-есен қонып, ешкім зардап шеккен жоқ.