Киев облысында тікұшақ балабақшаның үстіне құлады
Салдарынан 18 адам қайтыс болған. Оның үшеуі - бала. Марқұмдар қатарында Украинаның Ішкі істер министрі, оның бірінші орынбасары мен ведомствоның мемлекеттік хатшысы да бар.
Тағы 20-дан аса адам жараланған. Шамамен жартысы - балалар. Тікұшақ төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметке сай тапсырма орындап жатқан. Құлағаннан кейін балабақшада өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, әуе кемесі тым төмен ұшқан. Оның үстіне тұман болып, көру мүмкіндігі де нашарласа керек. Салдарынан тікұшақ балабақшаның шатырын жанап өтіп, құлаған.