Түркиялық компания елдегі жобаларға қаржы құюы мүмкін
Премьер-Министр Әлихан Смайылов АЛАРКО Holding компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездесіп, бірқатар салада жаңа инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқыланды.
Үкімет басшысы Қазақстан үшін холдинг жұмысының маңызы, зор екенін атап өтті. Қазір елдің инвестициялық пулында, экономиканың түрлі саласын қамтитын 850-ге жуық перспективті жоба бар. Түркиялық компания оларды мұқият талдап, әлеуетті жобалардың түпкілікті тізбесін пысықтауға дайын. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келіссөзді жақын арада жалғастыруға уағдаласты.