Сеулде жарлы-жақыбайлар тұратын ауданда өрт шықты
Сеулде жарлы-жақыбайлар тұратын ауданда өрт шығып, 500-ге жуық адам эвакуацияланды.
Лаулаған жалыннан 40-қа жуық үй жанып кетті. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Тілсіз жаумен күреске жүзден аса, өрт сөндіруші жұмылдырылып, тікұшақтар қолданылды. Ақпарға қарағанда, бұл - Оңтүстік Корея астанасындағы тұрмысы төмен жандар қоныстанып келген соңғы аудан. Мұнда төтенше жағдайға дейін 600-ден аса кедей отбасы тұрған. Ондағы үйлер, жұқа тақтай мен қаңыл-тырлардан салынған.