Бразилияда орманды отауға қарсы күресті бастады
Бразилияда жаңа билік Амазон өзені аймағындағы ормандарды отаумен күресті бастады.
Қоршаған ортаны қорғау агенттігі қайта рейд жүргізуге кірісті. Шара бірнеше штатта жүзеге асырылып жатыр. Елдің бұрынғы Президенті Жаир Болсонару кезінде бұл орган, ормандарды қадағалаудан шеттетілген еді. Ресми дерекке қарағанда оның билігі тұсында Бразилияда Дания аумағынан асып түсетін орман оталып тасталған. Ал елдің жаңа басшысы Лула да Силва жағдайды өзгертуге бекініп отыр.
Дживанилду Душ Сантуш, қоршаған ортаны қорғау агенттігінің өкілі:
- Бұрынғы үкіметтің кереғар саясаты халық арасында ормандарды жауапсыз отап, қоныстар салуға болады деген ұғым қалыптастырды. Осының салдарынан ну ормандарды аяусыз кесіп, байырғы халықтың мекендерін бүлдіріп, ол жерлерде мал шаруашылығын заңдастыру белең алды.