Перуде Үкіметке қарсы наразылық толастамай отыр
Перуде Үкіметке қарсы наразылық толастамай отыр. Ел астанасы Лимада шерушілер полициямен қақтығысты.
Жиналғандар үкіметтік ғимараттарды басып алуға тырысқанда, тәртіп сақшылары газ қолдануға мәжбүр болды. Сондай-ақ шерушілер екі әуежайды қоршауға алды. Бас көтеруге қатысқан жұрттың көбісі Лимаға алыс аудандардан келген. Бірнеше департаментте төтенше жағдай жарияланған.
Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында президент Педро Кастильо биліктен шеттетілгеннен кейін Перуде жаппай наразылық басталып кетті. Бұрынғы президенттің жақ-тастары үкіметтің отставкаға кетуін және парламентті таратуды талап етіп отыр. Сол кезден бері қақтағыста, елуден аса ада қаза тапқан.