Орталық Азияда су консорциумын құру ұсынылды
Орталық Азиядағы ауа температурасы әлемдегі деңгеймен салыстырғанда 1,5 есе жылдамдықпен жылынып барады.
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған, аймақ сарапшыларының жиынында, климат мәселесі талқыға салынды. Ауа райының күрт жылынуы, қуаң-шылыққа, жердің тозуына және Қырғызстан мен Тәжікстандағы мұздықтардың еруіне әкеліп соғады. Ал Орталық Азия халықтарының тіршілігін қамтамасыз ететін Амурдария мен Сырдария өзендеріне құятын сулар, дәл осы мұздықтардан бастау алады. Сондықтан сарапшылар, су кон-сорциумын құру керегін айтып отыр.
Элдор Арипов, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы сөзи директоры.
- Сарапшылар 2050 жылға қарай Амурдарияға құйылатын судың көлемі 15, ал Сырдарияға 5 процентке азаяды деп жатыр. Бұның салдары ауыл шаруашылығына, сәйкесінше ауыл шаруашылығы өнімділігіне, яғни түптеп келгенде азық түлік қауіпсіздігіне ауыр тиеді. Сондықтан қазірден бұл мәселеге баса мән беруіміз керек.
Орталық Азия - 2030: Болашақтың келбеті атауымен өткізілген жиынға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның стратегиялық зерттеу институттарының сарапшылары қатысты. Олар климат мәселесінен бөлек, аймақтағы қауіпсіздік, радикалды ұйымдардан сақтану, кибер-қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін қаузады. Сарапқа салынған мәселелер бойынша, тараптардың әрқайсысы, ұлт мүддесіне сай ұстанымдары мен ұсынысын жеткізді. Алдағы уақытта түйткілдерді шешу механизмдері, мемлекет басшылары деңгейінде талқыланады.
Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:
- Елдеріміздің экономикалық, саяси ұстанымы әзірше әртүрлі. Бүгінде тез өзгеріп жатқан жаһанда экономикалық реформалардың қай үлгісін негізге алып, баршамыз трансформациядан өтуіміз керек? Осыны дәл қазір анықтап алғанымыз жөн. Соңғы технологияларды жылдамдатып өзімізге бейімдеудің мүмкіндігі әлі де бар. Үшіншіден, аймақта тек бірлесіп қана шешімін табатын мәселе жетерлік. Су мәселесі, транзит, туризм, адами капитал проблемаарын жұмылып қана шеше аламыз.