Токио тұрғындары наразылық шараға шықты
Шерушілер қираған Фукусима-1 атом электр станциясына радиоактивты суды теңізге ағызуды тоқтатуды талап етіп отыр.
Кезінде билік жергілікті тұрғындардың рұқсатынсыз мұны істемейтінін мәлімдеген болатын. Алайда қоймалар толып кеткендіктен алдағы көктемде радиоактивті суды теңізге ағызатыны белгілі болды. Жапония үкіметі бұл шара қауіпсіз болатынына сендіріп отыр. Алайда 30-дан аса қоғамдық ұйым бұған қарсы шықты. Арасында балықшылар қауымдастығы бар. Оңтүстік пен Солтүстік Корея үкіметтері және Қытай сыртқы істер министрлігі де ластанған суды ғылыми әрі қауіпсіз жолмен залалсыздандыруға шақырды.
Еске салып кетейік, осыдан 11 жыл бұрын Жапонияда болған зілзала мен цунамиден кейін Фукусима-1 атом электр станциясында апат болған еді. Сол кезде 20 мыңнан астам адам қаза тауып, жарты миллионнан адам қауіпті аймақтан көшірілген болатын.