Бразилия басшысы уәдесін орындауға кірісті

Бразилияда жақында ғана билікке келген жаңа президент орман отауға қарсы күресті қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір үкіметтік рейдтер жүргізіліп жатыр. Бұрынғы басшы Жаир БолсонАру кезінде қоршаған ортаны қорғауға аз ақша бөлінетін. Ол президент болған 4 жыл ішінде елде Данияның аумағына пара-пар жер оталып кетсе керек. Сол себепті экс-жетекшіге қатысты көп сын айтылып келді. Ал биыл 1 қаңтарда өз қызметіне кіріскен Лула да Силва қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөліп, біздің ғаламшардың «өкпесі» саналатын Амазония ормандарын сақтап қалуға уәде берген.