Үндістан биыл халық саны бойынша Қытайдан асып түсуі мүмкін
Жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымы осындай дерек келтірді.
Бүгінде бұл елде 1 миллиард 422 миллион адам өмір сүреді және бұл көрсеткіш жыл соңына дейін тағы көбейеді. Ал Қытай демографиялық проблемаларға тап болып отыр. Елде халық саны азайып барады. Бұған, ең алдымен, бала туу көрсеткішінің тым төмендеп кетуі әсер еткен. Сонымен қатар азаматтардың неке қиып, отбасын құруға асықпауы да – бір себеп.