Сирияның Алеппо қаласында тұрғын үй құлады

Сирияның Алеппо қаласында тұрғын үй опырылып, 10 адам опат болды.

Құрбан болғандардың қатарында бір бүлдіршін бар. Сириялық БАҚ өкілдерінің  хабарлауынша, оқиға таңертең Алеппо қаласында болған. 5 қабатты тұрғын үйді 30 шақты адам  паналаған екен. Мұнда көбінесе демократиялық күрдтер қозғалысының мүшелері тұрған. Полиция үйдің астына су кетіп, салдарынан ғимарат бір түнде қирады деп мәлімдеді. Қазір құтқарушылар үйінді астынан аман қалғандарды іздеп жатыр.