Испанияда заңсыз темекі фабрикалары әшкереленді
Испания полициясы жасырын жұмыс істеген бірнеше темекі фабрикасын әшкереледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кәсіпорындарда шетелден заңсыз келген мигранттар еңбек еткен. Арасында украиналық босқындар да бар. Полиция 27 адамды қамауға алып, 10 тонна темекі жапырағы мен 3,5 млн темекі қорабын, сондай-ақ автокөліктер, зергерлік заттар мен ірі көлемде қолма-қол ақша тәркіледі. Сарапшылар тәркіленген тауарды 37,5 млн еуроға бағалаған.
Айта кетейік, елдегі алғашқы заңсыз темекі фабрикасы былтыр анықталған болатын.