Еуропа мен Таяу Шығыстағы туристік белсенділік пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қайта оралуы мүмкін
Дүниежүзілік туристік ұйым өкілдерінің болжамы осындай.
Олар былтырдан бері саладағы жағдай оңалып келе жатқанын айтады. Сөйтіп, өткен жылы 900 млн-нан адам халықаралық саяхат жасалыпты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда, екі есе көп. Әсіресе Еуропа мен Таяу Шығыстағы жағдай қуантарлық. Азия-Тынық мұхиты аймағынан да биыл үміт зор. Өйткені Қытайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдеді. Десе де мамандар қауіп барын да жасырмайды. Себебі көп елде қазір инфляция өршіп тұр.