Ресейде балалар арасында тұмау көбейді
Ресейде 3 пен 14 жас аралығындағы балалардың тұмауға шалдығуы жиілеген.
"Балалардың ұзаққа созылған қысқы каникулдары аурудың асқынуына себеп болуы мүмкін", - дейді дәрігерлер. Елде коронавирус өршіп тұр. Соңғы бір аптада науқастар саны 22%-ке көбейген. Қазір тұрғындар арасында екі немесе үш инфекцияны бірден жұқтырып жатқаны дәрігерлерді алаңдатады.
Геннадий Онищенко, Ресей Федеарциясының бұрынғы бас санитарлық дәрігері:
- Адамның тұмау мен коронавирусты бірдей жұқтырып алуы мүмкін. Бірақ бұл жаппай белең алып жатыр деп айтуға келмейді. Себебі қазірге дейін 80 млн тұрғын тұмауға қарсы егілген. Вакцинаның тиімділігі жоғары. Иммунитеті әлсіреген адамның тұмау және коронавируспен де ауруы мүмкін. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптасқандықтан ауру асқынбайды.