АҚШ астанасында «Автошоу 2023» көрмесі өтіп жатыр

Бұл шара әлемдегі ең үлкен қоғамдық көрме саналады.

Жаңа көліктерді жүргізіп, тың технологиялармен танысу үшін елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам арнайы келеді. Биыл пандемияға байланысты үш жылдық үзілістен соң қайта ашылып отыр. Онда автомобиль өндіретін 40-қа жуық компания 600-ден астам жаңа моделін, тұтынушыны қызықтыратын түрлі инженерлік шешімдерін ұсынды. Статистика бойынша АҚШ-та әр бір он жүргізушінің үшеуі ішімдік ішіп рөлге отырады екен. Жол апатының алдын алу үшін жаңа қауіпсіздік жүйесі де ойластырылған. Мысалы, автокөлікке орнатылған технология рөлге отырған адамның демінен алкогольдің артық мөлшерін анықтаса орынынан қозғалмайды.

Тимоти Джексон, қауіпсіздік жүйесінің өкілі:

- Үрлегенде, тыныс алғанда демім мына жүйенің ішіне кетеді. Ол бірден қанша алкогольдың бар екенін анықтайды. Егер мөлшерден жоғары болса автокөлік жүрмейді. Бұл керемет технология. Бірақ әлі ешқандай көлікке орнатылған жоқ. 2024 жылы біздің ірі демеуші автоөндірушілер осы жүйені енгізеді деп үміттенеміз.