Өзбекстанда құнарынан айырылған жер көлемі 2 млн гектарға жетті
Көрші Өзбекстан елінде де жер мәселесі өзекті. Елде құнарынан айырылған жер көлемі 2 млн гектарға жетті. Басым бөлігі су және жел эрозиясына ұшыраған.
Бұл егінге арналған алқаптың тең жартысына жуығы. Орталық Азияда бау-бақша баптауға бірден-бір бейім мемлекет енді ғалымдардың көмегіне жүгініп отыр. Мұның себебі суды көп қажет ететін мақта шаруашылығымен де байланысты. Қазір елде құнарынан айырылған жерді қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Оңтайлы шешім ретінде құрғаған алқаптарға ағаш егу ұсынылды. Ғалымдардың айтуынша, тамшылатып суару да - ең тиімді әдіс. Осындай жолмен бұршақ және майлы дақылдарды көптеп өсіруге болады. Бұл дақылдар ылғалды бойында ұзақ сақтап, көктем және күз айларында мол өнім береді. Жалпы көршіміз халқын жерге және табиғи ресурстардың барлық көзіне ұқыпты қарауға шақырып отыр.
Қамбар Әмреев, фермер:
- Ақпан айында әр күнде 200-300 келі құлпынай теріледі. Тамшылатып суарылады. Енді жылдан-жылға табиғи ресурс жетпегеннен кейін табиғи жетістіру айтылып жатыр.