Ауғанстанда аяздан 158 адам көз жұмды
Ауғанстанда небәрі 2 апта ішінде шыңылтыр аяздан 158 адам көз жұмды. Мұны Рейтер агенттігі хабарлады.
Оның дерегі бойынша биыл Ауған жерінде соңғы 15 жылда болмаған ең қатал қыс тіркеліп отыр. Ауа температурасы минус 34 градусқа жетеді. Соның салдарынан жұрт тоңып, бүрсең қағып жүр. Үскірік аязда киетін киімі де, үйді жылытатын жылуы да жоқ. Осыған байланысты тұрғындар халықаралық қауымдастық тарапынан көмек сұрап отыр. Өйткені тәліптер билік басына келгенде гуманитарлық ұйымдардың көбі бұл елдегі қызметін тоқтатқан болатын.