Аргентинаны құрғақшылық қысып барады
Аргентинада шаруалар құрғақшылық кесірінен шығынға баттық деп шырылдап жатыр.
Егіс алқаптары түгелдей қурап, мал қырылған. Бұлай жалғаса берсе,шаруалар малдың тең жартысынан айырылып қалуы мүмкін деген күдік бар,- дейді ауылшаруашылығы мамандары. Қазір елде шамамен 30 миллион бас мал бар.
Густаво Джайлевра, фермер:
- Соңғы екі айда 200-ден астам мал қырылды. Алдымен сиырлар, кейін олардың бұзаулары өледі. Осылайша, табынымыздан айырылып жатырмыз. Күннің ысуынан төрт түлікті шөл қысады. Суарайын десек, су жоқ. Егер құрғақшылық келер жылы да жалғасса, жағдайымыз қиын болайын деп тұр.