Ауғанстанда 6 млн адамға ашаршылық қаупі төніп тұр
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитралық мәселелер бойынша орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді.
Оның айтуынша, елдегі климаттық өзгерістер жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. Ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеп 150-ден аса адам үсіп, қаза болған. Оған қоса халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспейді.