БҰҰ: Әлемдік өндіріс бәсеңдейді
Әлемдік өндіріс биыл бәсеңдейді. Былтыр 3% жетеді деген қарқын биыл 1,9% әрең жететін сияқты.
Ал 2024 жылы аталған көрсеткіш 2,7% өсуі мүмкін. Өйткені келер жылы экономикасы алып елдер ес жинай бастайды деп күтілуде. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әлемдегі экономикалық жағдай және оның келешегі» атты есепте айтылды. Құлдырауға инфляцияның жоғары болуы, монетарлық саясаттың қатаң жүргізілуі және белгісіздіктің күшеюі кері әсер етуде. Сарапшылар биыл Қытайдағы өндіріс жағдайының біржама жақсарып, 4,8% артатынын алға тартады.
Хамид Рашид, БҰҰ жаһандық экономика мониторингі бөлімінің басшысы:
- Қытайдың басқа дамушы мемлекеттерден айырмашылығы, бұл елде ақша-несие және салық-бюджет саясатында біршама жеңілдіктер жасалып жатыр. Бұл экономикаға үлкен қолдау.