Кения билігі 6 млн құсты қыратын болды
Кения Үкіметі 6 млн құсты қыруды көздеп отыр.
Қызыл тұмсықты тоқымашы деп аталатын құстың осы түрі ел батысындағы бүкіл күрішті шоқып тастаған көрінеді. Сондықтан фермерлер биліктен көмек сұраған. Ауыл шаруашылық министрлігі бұл істі жүзеге асыру үшін фентион сеппекші. Алайда аталмыш пестицид өзге жануарлар мен адам денсаулығына да қауіпті. Экологтар үкімет құстарды қырудың орнына олардың санын реттейтін шаралар қабылдауы қажет дейді.
Айта кету керек, 1958 жылы Қытай «бидайды шоқиды» деп торғайларды жаппай қырған еді. Расында келесі жылы бидай өнімі артты. Алайда торғайларға жем болған шегіртке мен зиянкес құрттар тым көбейіп, тағы бір жылдан кейін елде ашаршылық басталып, 10 миллионнан аса адам қайтыс болған еді. Нәтижесінде Қытай билігі Кеңес Одағы мен Канададан торғай сатып алып, елге әкелуге мәжбүр болған.