Meta Д. Трампты қара тізімнен шығарды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Фейсбук пен Инстаграмда өз парақшаларын қайта аша алады.

Meta компаниясы оны қара тізімнен шығарды. 2021 жылы Капитолийде болған тәртіпсіздіктен кейін осы әлеуметтік желілердегі Трамптың аккаунтары бұғатталған болатын. Енді компания оның аккаунттары қоғамға қауіп төндірмейді деген қорытындыға келді. Егер Трамп әлеуметтік желінің ережесін қайта бұзса, оған бұдан да қатаң жаза қолданылады.

Айта кету керек келер жылы Дональд Трамп президенттік сайлауға тағы да таласпақ. Сондықтан, саяси қарсыластары Meta компаниясының бұл шешімін қатал сынға алды. Былтыр қараша Твиттердің жаңа иесі Илон Маск  Трамп аккаунтын қара тізімнен шығарған еді. Алайда миллиардер бұл желіге қайта оралған жоқ. Ол 2021 өзі жеке әлеуметтік желі жасап шықты. ОНЫ пайдаланушылар саны 5 миллионға жеткен. Ал Фейсбукті 3 млрд адам қолданады.