Грузияда жұмыссыз жүрген жастар саны көбейді

Бұл – 2017 жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдай.

Қазіргі таңда 15 пен 25 жас аралығындағы әрбір төртінші тұрғын не оқымайды, не еңбек етпейді. Сарапшылар мұны пандемияның салдары екенін айтады. "Десе де басты себеп - тәжірибе мен біліктіліктің болмауы", - дейді. Оның үстіне көбі жалақының төмендігіне шағымданады. Сондықтан шетелге кетіп жатады.

Георгий Папава, экономист:

- Оқуды аяқтағаннан кейін 24-29 жас аралығындағы тұрғындар жұмыс іздей бастайды. Бірақ жастардың біліктілігі мамандығына сай келмей жатады. Жұмыссыздық - Грузия үшін өзекті мәселенің бірі. Кейінгі кезде еңбек нарығындағы жағдай сәл тұрақталып келеді. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте. Ахуал оңалу үшін кемі 5-10 жыл қажет.