Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкінді
Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, 6,1 балдық зілзала Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданда болған.
Дүмпу ошағы 50 шақырым тереңдікте Ақсу өңірінде тіркелген. ССTV-дің таратқан видеосына қарасақ, жер сілкінісі кезінде жолаушылар теміржол вокзалынан шығып бара жатқаны көрсетіледі. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.