Жаңа Зеландияда су тасқыны қаупі күшейді

Ал Жаңа Зеландиядағы нөсерден зардап шеккен Окленд аймағында тағы су тасқыны қаупі күшейді.

Осыған байланысты өңір билігі халыққа ескерту жасап, төтенше жағдайға барынша дайын болуға шақырды. Өткен жұма күні  Окленд провинциясында жаңбыр селдетіп, аймақ орталығын су басты. Табиғат апатынан 4 адам көз жұмды. Бірқатар мекен жарықсыз қалды. Қазір тасқынның салдарымен күрес жүріп жатыр.

Рэйчел Келлехер, Окленд провинциясы төтенше жағдай жөніндегі басқармасының өкілі:

- Бүгін еліміздің метеоролгиялық агенттігі алдағы күндері аймақта тағы толасыз жаңбыр жауатынын хабарлады. Сондықтан Окленд қаласы мен Грейт-Баррриер аралындағы қауіптің сары түсі ұзартылды. Егер қандай да бір өзгерістер болып жатса алдын ала хабарлаймыз.