Түркияның Карс провинциясында ең ірі әскери оқу-жаттығуы басталды
Оған Қазақстан, Ұлыбритания, Германия және Әзірбайжан сияқты жалпы саны 17 елдің жауынгерлері қатысып жатыр.
Оқу-жаттығуы 2 ақпанға дейін жалғасады. Бірлескен іс шараның мақсаты- әскери ынтымақтастық орнатып, бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктерін сынау. Үскірік аяз кезінде атыс жүргізу дағдысын пысықтап, техникалық қызмет көрсету мен басқару жүйесінің жұмысын сынау. Шараға авиация, танк, миномет пен снайпер экипаждары, сондай-ақ арнайы жасақ жұмылдырылған.
Олжас Қайырханов, ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштері қолбасшылығының басқарма офицері:
- Қазақстанда Арнайы операциялық күштері былтыр 2022 жылы құрылғандықтан, оқу-жаттығуға алғашқы рет қатысып отырмыз. Оқу- жаттығу жалпы 10 қаңтардан бастап 2 ақпанға дейін мерзім аралығында өткізіледі. Әрине, біздің сарбаздардың басқа елге үйретері көп. Өйткені, суық ауа райы біздің Отанымызға тән болып есептеледі. Ондай жағдайларда операциялар мен осындай оқу-жаттығу өткізуде біздің сарбаздарымыздың тәжірибесі өте мол.