Анталияда тоғызқұмалақ пен асық атудан жарыс басталды
Түркияның Анталия қаласында тоғызқұмалақ, асық ату және түрік мангаласынан Еуразия кубогі басталды.
Бұл зияткерлік додаға Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Чехия, Румыния мен АҚШ-тан спортшылар келген. Сайыста 60-қа жуық үміткер бақ сынаспақ. Ал Қазақстаннан аттанған 30 спортшы ел намысын қорғайды. Халықаралық додамен бірге, бестемше, тоғызқұмалақ, асық ату ойындарынан семинар ұйымдастырылады. Оған 10-ға жуық елден 100 шақты маман қатысады. Тоғызқұмалақтан Еуразия кубогы 4 ақпанға дейін жалғасады.
Мақсат Шотаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы бас хатшысы:
- Бестемше және тоғызқұмалақтан халықаралық семинар болып, қатысушылар қазақ халқының зияткерлік ойынына жоғарғы бағасын берді. Алдағы уақытта тоғызқұмалақ, асық ату және мангаладан Еуразия кубогі өтеді. Жүлделілер марапатталатын болады.
Жанан Алыжыоғлы, Mangala федерациясы өкілі:
- Қазақстан тарапының қатысқанына қуаныштымыз. Бізге бестемше, тоғызқұмалық алып келіпті. Бұл ойын түрлері бастауыш сынып оқушыларының зейінімен қатар стратегиялық ойлау қабілетін арттырады. Сондықтан біз үшін маңызды. Бестемшенің ережесі мен тәсілдерін үйрендік. Келесіде жарысамыз деген ниеттеміз.