Пәкістанда құрбандар саны артты
Пәкістанда мешіттегі лаңкестіктен көз жұмғандар саны 100 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 200-ден астамы жараланған. Қайғылы оқиға кеше Пешавар қаласында болды. Жанкешті жамағат намаз оқып жатқанда, өзін-өзі жарып жіберген. Әуелде шабуылды «Пәкістан тәліптерінің қозғалысы» өз мойнына алған еді. Алайда кейіннен бұл топ жарылысқа қатысын жоққа шығарды.