Қытай кеме жасаудан көш бастады
Қытай кеме жасаудан көш басында. Әлемде оған жетер ел жоқ екен.
Бұл туралы Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Әлем бойынша салынған кемелердің 47,3%-і осы елде шығарылған. Былтырдың өзінде газ тасымалдайтын 55 танкер жасауға тапсырыс берілген. Бұл Қытай үшін рекордтық көрсеткішке айналды.