Косово мен Сербияға араағайын болатын ел табылды
АҚШ Косовоны Сербиямен бейбіт келісімге келуге шақырды.
Ол үшін Приштинаға өз ауамғында серб қалаларының қауымдастығын құруды ұсынды. Бұл туралы аймақтағы АҚШ елшісі Джеффри Ховеньер мәлімдеді. Бірақ АҚШ тарапы Приштина өз егемендігіне нұқсан келетін кез-келген әркеттен бас тартуы керек дейді. Бірер апта бұрын Сербия президенті Александр Вучич халқына үндеу жолдап, Косовомен қатынасты реттеуді ұсынған. Косово 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздігін алған болатын. Бірақ Белград пен Мәскеудің қарсылығынан БҰҰ-ға мүше бола алмаған еді.