Бельгияда дәрігерлер ереуілге шықты
Бельгияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаппай наразылық шеруіне шықты.
Шараға 20 мыңға жуық адам қатысты.
Шерушілер үкіметтен жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Осымен қатар кейінгі жылдары медицина саласына салмақтың артуына байланысты қызметкерлер санын көбейтуді сұрауда.
-Бізде ауруханаларда қызметкерлер жетіспейді. Әсіресе медбикелер, санитарлар аз. Үкімет мәселені тез арада қарастырып, тиісті шешімдер қабылдауы тиіс.
Венгриядағы мұғалімдердің ереуілі
Ал Венгрияда мұғалімдер жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. Сонымен бірге елдің білім саласын реформалауды сұрап отыр. Мұғалімдер одағының мәлімдеуінше, қазір Венгрияда 16 мыңдай ұстаз жетіспейді. Шерушілер мәселені осыдан бір жыл бұрын көтерсе де биліктің әлі ешқандай шара қолға алмағанына наразы.