Украинадан 19 млн тоннадан астам агроөнім шығарылды

Астық келісімінің негізінде Украинадан 19 миллионнан астам агроөнім шығарылды.

Бұл туралы Бірлескен үйлестіру орталығының өкілдері мәлімдеді. Қаңтардың 29-ы мен 30-ында украин аумағынан кемелер шыға алмады. Бұған қолайсыз ауа райы кедергі келтірген. Тек кеше ғана 160 мың тонна астық пен басқа азық-түлік тиеген 3 кеме жолға шықты. Қазір 1382 кеменің жүрісіне рұқсат етілген. Украина, Түркия мен Ресей тиісті келісім-шартқа өткен жылдың шілдесінде қол қойған еді.

Сондай-ақ...