Жерге комета ұшып келе жатыр
Бүгін түнде аспаннан бірегей жасыл кометаны ешқандай құралсыз көруге болады.
Өйткені аспан денесі Жерге өте жақын келуі мүмкін деген болжам бар. Бұл комета айналып, 50 мың жылдан кейін қайта келе жатыр. Ғалымдар оны былтыр наурызда байқаған болатын. Жасыл болатын себебі - оның бетінде 2 атомды көміртегі ретінде белгілі молекулалар бар. Ультракүлгін сәулемен шағылысуына байланысты одан энергия бөлініп шығады. Біз оны жасыл түспен көреміз.
Кэтрин Пилаховски, астрономия профессоры:
- Ол Күн жүйесінің өте алыс түкпірінен келе жатыр. Яғни біздің ғаламшарға қарағанда күннен 2 мың есе шалғайда. Біз бұл аумақты Оорта бұлты деп атаймыз. Ол өте жұмбақ, өйткені аз зерттелген.