Еуроодақ экономикасы оңала бастады
Еуропалық Одақ экономикасы өткен жылдың 4-тоқсанында 0,1 пайызға өсті.
Ұйымның статистика жөніндегі агенттігінің жаңа мәліметтері осыны көрсетіп отыр. Сарапшылар бұл аймақтағы экономиканың ақырындап оңала бастағанын байқатады дейді. Бұған дейін экономистер Украинадағы ахуалдан Еуроодақ экономикасының құлдырауы жалғасады деп болжаған еді. Бірақ инфляцияға қарсы шаралардың тиімділігі мен сұйытылған табиғи газ қорын молайтуы дағдарысты бәсеңдетуге мүмкіндік берген.