АҚШ-та көктайғақ кесірінен адам қаза тапты
АҚШ қолайсыз ауа райынан зардап шегіп жатыр.
Көктайғаққа байланысты ел бойынша 1 жарым мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Арканзас штатында көлік қозғалысы тоқтаған. Ал Техас аймағында мыңдаған тұрғын электр жарығынсыз қалды. Штат полициясы әр 3 минут сайын жол апаты болып жатқанын айтады. Остин қаласында 1 адам опат болған. Билік, жүргізушілер мен жолаушыларды жолға шықпауға шақырып әлек.
Грег Эбботт, Техас штатының губернаторы:
- Ұлттық метеорология қызметі ертеңге дейін жаңбыр жауып, көктайғақ күшейетінін ескертеді. Аяз апта бойы сақталуы, тіпті су тасқыны болуы мүмкін. Арнайы қызмет өкілдері жол бойына 1 миллиард 300 миллион галлон тұз септі. Сонда да көк мұзға байланысты жолда жүру аса қауіпті.