Чилиде орман өртінен 13 адам қаза тапты

Чилидің оңтүстігіндегі орман өртеніп, 13 адам көз жұмды.

Бұл туралы Апатпен күрес қызметіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Құрбандардың 11-і Санта-Хуан коммунасының тұрғындары екен. Бұдан басқа, өрт сөндіріп жүрген тікұшақ құлап, ұшқыш пен механик ажал құшқан. Билік осы сәтке дейін 200-ден астам өрт ошағының анықталғанын, оның 56-сы ғана өшірілгенін айтады. Тілсіз жау жүзден астам үйді күлге айналдырған.

Сондай-ақ...