Жеті құрлықты 7 күнде жүгіріп өтетін марафон басталды
Әлемде айрықша спорт сайысы өтіп жатыр.
Марафонға 50 атлет қатысуда. Арасында арбаға таңылған, қайсар жандар да бар. Олар 7 құрлықта 7 күнде 7 марафонда жүгіреді. Яғни Антарктидада басталған дода ертең түн ортасында АҚШ-тың Флорида штатында аяқталуы тиіс. Қазір желаяқтар Австралияда. Барлық қашықтықты ең қысқа уақытта бағындырған желаяқ жарыстың жеңімпазы атанады.