Грекияда қалың қар түсіп, кедергі тудырды

Грекия астанасы Афинада бұрқасын тұрып, қалың қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акрополь мен басқа да көне ескерткіштерді ақ ұлпа басты. Қолайсыз ауа райына байланысты Афинаға қатынайтын кемелер тоқтап, көліктер қаңтарылды. Сондай-ақ мектептер мен сот мекемелері жабылды. Ұлттық қорғаныс агенттігі тұрғындарға көшеге беталды шықпауға кеңес беріп жатыр. Метеоролгтар қыстың қаһары сәрсенбіге дейін қайтпайды деп ескертті.