Сирияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1400-ден асты

Сирияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1400-ден асты.

1 жарым мыңға жуық тұрғын жараланған. 12 жылға созылған қақтығыстан әлі есін жинап үлгермеген араб еліндегі жағдай зілзалаға дейін де өте ауыр еді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша жергілікті халықтың 70 пайызы көмекке мұқтаж. Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркия мен Сирияның шекаралас аумағында 7,8 балдық жойқын жер сілкінісі болған еді.