Сирияда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Cирияда құтқарушылар қысқы суыққа қарамастан, күні-түні бойы, үйінділерді аршып жатыр.
Жеденрес қаласында, олар кішкентай баланы қирандылар астынан шығарып алды. Ал бірнеше сағат бойы үйіндінің астында қалған анасы, өкінішке орай қайтыс болды. Кішкентай бүлдіршінді құтқару процесін әкесі бақылап тұрды. Соңғы мәлімет бойынша, Сирияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1600-дан асты, Алайда құрбандар бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені 12 жылға созылған қақтығыстан, әлі есін жи-нап үлгермеген араб еліндегі жағдай, зілзалаға дейін де өте ауыр еді. Үкімет елдің бүкіл аумағын бақылап отырған жоқ. Оппозиция қарамағындағы Идлиб өңірі, көп жыл бойы қоршауда. Мұнда 4 миллионан аса адам тұрады. Көбісі өзге аймақтардан көшіп келген. Зілзаладан 224 ғимарат толық қирап, 325 не зақым келген. Қираған нысандардың ішінде гуманитарлық көмек сақталған, қоймалар да болған.