Түркия мен Сирияға баруға 110 мың ерікті өтініш берген
Қазір әлем елдері мен халықаралық ұйымдар қолдан келгенше Түркия мен Сирияға көмек көрсетіп жатыр.
Халықаралық қызыл крест қос мемлекетке жәрдемдесуге 75 миллион доллар сұрап отыр. Біреулер ақшалай жинаса, басқалары керек-жарақ пен мамандарын жөнелтуге кіріскен. Зілзаладан зардап шеккен өңірлерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Кейінгі 90 жылда болмаған алапат жер сілкінісінен кейін әлем елдері бірінен соң бірі көмек жөнелтіп, түрік ағайындар мен Сирия жұртына қолдауын білдіруде.
Түркия билігінің мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен өңірде қазір 24 мыңнан аса құтқарушы жұмылдырылған. Олардың саны сағат санап артып келеді. Соңғы екі күнде іздестіру-құтқару жұмыстарына ерікті ретінде қатысуға 110 мыңнан астам адам өтініш берген. Мамандар тұрғындардан қаіупті аймаққа көлікпен бармады сұрап отыр. Өйткені жерде қыртысы опырылып, темір тұлпарлар сонда түсіп кеткен. Сол себепті гуманитарлық көмекті арнайы бекеттерге әкеп тастауға кеңес берілді. Бұл Ыстамбұл әуежайы. Ине шаншар орын жоқ. Мыңдаған адам елдің оңтүстігіне аттанып, жапа шеккендерге көмек көрсетуге дайындықпен келген. Арасында волонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері бар.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Жергілікті тұрғындардан бөлек өзге елдер де қолдау білдіріп жатыр. Бүгінде Түркияға 45 мемлекеттен, сонымен қоса БҰҰ, Еуроодақ пен НАТО секілді ұйымдардан көмек көрсету туралы ұсыныс түскен. Солардың қатарында Ресей де бар. Ресей демекші, Түркиядағы зілзала кезінде көрші елдің бір азаматы қаза тапқаны белгілі болды.
Даниил Мартынов, Ресейдің Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі:
- Түркияға ұшып келген аэромобильді бөлімшемізде 100-ден аса адам бар. Олардың барлығы халықаралық деңгейдегі мамандар. Тәжірбиесі мол. Бұдан бөлек біз эндоскоп, радар секілді арнайы жабдық та алып келдік. Бұл заманауи құрылғыдарыдң көмегімен 4,5 метр тереңдікте жатқан адамдарды іздеп табуға болады.
Түркияда құтқару жұмыстарына ауа райы қолайсыз
Осы сағатқа келіп түсікен мәлімет бойынша, үйінділер астынан 8 мың адам құтқарылды. Бұл жұмыстарды ауа райының қолайсыздығы қиындатып отыр. Өйткені зілзаладан зардап шеккен өңірлерде қар жауып тұр. Алғашқы жер сілкінісі болған Газиантепте түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін, ал таулы аймақтағы елді мекендерде минус 15-ке дейін төмендейді. Сондықтан қирандылар астында қалып қойған адамдардың үсіп қалу қаупі бар дейді мамандар. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері құрбандар саны 8 есе артуы мүмкін екенін ескертеді. Десе де құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендердің барлығы табылмайынша, іздестіру жұмыстарын тоқтатпаймыз деп отыр. Мына көрініс сондай жұмыстардың бірі. Мамандар бірнеше сағат бойы үйінділер астында жатқан баланы аман алып шықты.
Сирияда құрбандар саны артуы мүмкін
Ал мына көріністер Сириядағы құтқару жұмыстары. Бұл жерде де мамандар бірнеше сағат бойы қирандылар астында жатқан баланы аман алып шықты.
Ресми мәлімет бойынша, Сирияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1600-ден асты. Құтқарушылар құрбандар саны әдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескертеді. Өйткені 12 жылға созылған қақтығыстан әлі есін жинап үлгермеген араб еліндегі жағдай зілзалаға дейін де өте ауыр еді. Үкімет елдің бүкіл аумағын бақылап отырған жоқ. Сарапшылар табиғат апатынан кейін осы Сириядан көрші Түркияға ағылған босқындар нөпірі артуы мүмкін- деген болжам жасауда.
Түркияда апатты аймақта мектептер уақытша жабылды
Түркияның табиғат апатынан зардап шеккен 11 провинциясында білім беру мекемелері уақытша жабылды. Шенеуніктер зілзаладан аман қалған мектеп, жатақханалар мен спорт нысандарының тізімін жасады. Баспанасынан айырылғандар уақынша сол жерлерге жайғастырылады. Газиантеп пен Кахраманмараштағы әуежайлар жолаушылар үшін қызмет жасамайтын болды. Мұнда тек гуманинитарлық жүк тиелген ұшақтар ғана қонады. Хатай әуежайы да апаттан зардап шекті. Сондықтан әуе айлағынан ұшақтар ұшып жатқан жоқ. Ал Искендерун кемежайында жер сілкінісінен кейін өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк контейнерлерінің бірі аударылып, салдарынан өрт шыққан. Қазір қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Түркиядағы сейсмологтың болжамы
Табиғат апатынан 2 күн бұрын австралиялық астроном Фрэнк Хугербитс Түркия мен Сирия шекарасында алапат зілзала болатынын болжаған. Алғашқы жер сілкінісінен кейін 300-ден аса жерасты дүмпуі тіркелген. Мамандар қауіп әлі сейілген жоқ деп отыр.
Маргарита Сегу, сейсмолог:
- 7,8 балдық зілзаланың күшін 20 миллиард келі жарылғыш заттың салдарымен салыстыруға болады. Бұл Хиросимаға тасталған атом бомбаларының мың есе қауіпті. Сол себепті де Түркиядағы табиғат апатынан осындай орасан зор шығын келген. Өкінішке қарай, алдағы уақытта мұнда 6,5 балдан жоғары жер сілкінісі тағы қайталануы мүмкін.
Түркия сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан. Сондықтан қазір сарапшылар зілзала болған аймақтағы құрылыстардың сапасына қатысты түрлі сын айтуда. Ыстамбұлда жаңа үйлер жер сілкінісіне төтеп беретіндей талаптарға сай салынған. Алайда елдің оңтүстігінде ескі құрылыс көп. Көбі 2000-шы жылдарға дейін бой көтерген нысандар.