Парижде зейнеткерлік реформаға қарсы жаппай шеру болды
Франция астанасында зейнет жасын ұлғайтуға қарсы тағы наразылық шарасы өтті. Париж көшелеріне 60 мыңнан аса адам шықты.
Бұл Францияда осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған жаппай ереуіл. Шерушілер үкіметтің зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін ұзарту туралы жоспарына наразы. Шерулер елдің өзге де ірі қалаларында өтті. Жергілікті Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жалпы ел аумағында наразылық акциясына 750 мыңнан аса адам қатысқан. Кәсіподақтар ақпанның 14-і күні тағы жаппай ереуіл өткізетінін ескертіп отыр.
Лоран Бергер, CFDT кәсіподағының бас хатшысы:
- Біздің талабымыз анық. Бұл реформаға халық қарсы. 64 жас көп жұмысшыға тиімсіз. Адамдар одан зардап шегетінін айтып жатыр. Сондықтан үкімет біздің талабымызбен санасып, одан бас тартуы қажет.