Боливияда тасқыннан 5 мың тұрғын эвакуацияланды

Боливияның шығысында толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласып, 5 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Табиғат апатынан 2 адам опат болды. Тасқыннан Санта-Крус аймағында 13 қала зардап шегіп, оның алтауында төтенше жағдай жарияланды. 5 көпірді су шайып, 30 мың гектар егістік алқап жарамсыз болып қалған. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Фернандо Фернандес, Кочабамба аймағы төтенше жағдайлар жөніндегі қызметінің басшысы:

- Таңсәріден жаңбыр күшейді. Аймақтың 80 пайыз аумағында жауын-шашын жалғасады деген болжам бар. Сондықтан көп өңірде қауіптің сары түсі жарияланды.