АҚШ-та медбике робот қызмет көрсетеді
АҚШ-тағы ауруханалар дәрігер тапшылығын технологияның көмегімен шешуге кіріскен.
Күні-түні, талмай жұмыс істейтін роботтар қазірдің өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Бір жарым метрлік көмекші робот алты айдан бері Чикагодағы медициналық орталықта қызмет көрсетеді. Шаршамайтын құлтемір дәрігерлерге қажетті құралдарды тез жеткізіп береді. Нәтижесінде аурухана қызметкерлерінің қолы ұзарды. Аурухана есебі бойынша екі робот ай сайын шамамен 1800 тапсырыс орындайды. Олар жарты жылда олар 1,600 шақырым жүріп тастаған.
Хирал Патель, Эльмхурст емханасының инновациялар жөніндегі директоры
- Бізде екі робот бар. Олар үзіліссіз 24 сағат жұмыс істейді. Екеуі алты адамның жұмысын атқарады. Өйткені, бізде екі жылдан бері маман тапшы.
Том Анжелос, Эльмхурст емханасының дәрігері:
- Күн сайын аурухананың бір шетінен екінші шетіне баруға шаршайтынмын. Керек заттарды алу үшін біраз жүресің. Себебі, аурухана ғимараты өте үлкен. Ал роботтар сол машақаттан құтқарды. Есесіне енді науқастардың жанында көп боламыз.