Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9,5 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны сағат сайын артып жатыр.
Соңғы ақпарат бойынша 9557 адам қаза тапты. Тағы 40 мыңға жуығы жарақат алған. Табиғат апатының зардаптарын жоюға түрік және шетелдік 16 мыңнан астам құтқарушы жұмылдырылды. Жағдай әсіресе Кахраманмараш, Хатай және Адияман қалаларында күрделі. Бұдан бөлек елде зілзаладан зардап шеккендер көршілес провинциялардағы, қауіпсіз мекендерге эвакуацияланды. Соның ішінде 50 мың кісі Анталияда қысқы маусымға жабылған қонақүйлерге орналастырылмақ. Айта кетейік, ел президенті Реджеп Тайип Ердоған апат болған 10 провинцияда, 3 айға төтенше жағдай жариялады.