Сирияда екі тәулік үйіндіге көмілген отбасы құтқарылды
Сириядағы Бисине қаласында құтқарушылар екі тәуліктен аса үйінділер астында болған отбасыны аман алып шығарды.
Кішкентай қыз бен баланың және әкесінің құтқарылған сәтін көрген жұрттың қуанышында шек болмады. Мамандардың айтуынша, зілзаладан кейін алғашқы 24 сағат адамдарды құтқару үшін өте маңызды! Ал екі тәулік өткеннен кейін аман қалу мүмкіндігі күрт азаяды. Соңғы мәлімет бойынша Сирияда зілзаладан екі жарым мыңнан астам адам қаза тапты. Алайда деректер, әлі де өзгеруі мүмкін. Өйткені онсызда азамат соғысынан көз ашпаған, бұл елге жер сілкінісі жығылғанға жұдырық болды. Экономика қатты құлдырады. Арнайы техника жетіспегендіктен үйінділерді аршу жұмыстары баяу жүргізіліп жатыр.