Латвияда дрон шығаратын зауыт өртенді

Латвияда АҚШ-тың әуе техникаcын құрастыратын зауыт өртенді.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, мекемеде ұшқышсыз ұшақтар шығарылады. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 4 сағат арпалысты. Тұтас ауданды көк түтін басты. Билік өкілдері, қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды үйден шықпай, есік-терезелерді жабық күйде ұстауға шақырады. Апат салдарынан екі адам жараланып, аурухағана түсті.