Пластмасса өндірісінің жаңа ережесі бекіді
Испания Үкіметі пластмасса бұйымдарды пайдаланудың жаңа ережелерін бекітті.
Ел билігі осылайша қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды азайтуды көздеп отыр. Бизнес пен тұтынушыларға қандай талап қойылады?
Гринпис экологиялық ұйымының келтірген мәліметіне сай Испанияда не бәрі бір тәулікте сусындарға арналған 50 млн контейнер сатылады. Өкініштісі сол, пластмассаның жартысына жуығы қайта өңделмейді. Қоқыс қалдықтарын азайту үшін Испания үкіметі пластмасс бұйымдармен күресті күшейтпек. Атап айтқанда, өндіріс орындары алдағы жеті жылдың көлемінде барлық қаптамаларын қайда өңдеуге жарамды етіп шығаруы тиіс. Бірақ бизнес өкілдері мұндай талаптың компанияға зор шығын әкелетінін айтып шағымдануда.
Эулалия Игуасель, кәсіпкер:
-Күрделі пластмассаларды мономатериалдармен ауыстыру оңай шаруа емес, өйткені сипаттамалары әртүрлі. Мысалы, біздің компания барлық қорапты эко қаптамаға ауыстыру кезінде өнімділіктің отыз процентінен қағылады. Герметикалық қамтама сапалы пластмассадан жасалады, оны ауыстыру – қиын әрі шығыны көп шаруа.
Корольдік жарлықта бисфенол А және фталат сияқты улы заттар сақталатын қаптаманы пайдалануға тыйым салу мерзімі ұзарды. Бірақ көптеген өндіріс орны салықты айналып өту үшін түрлі айлаға баратын көрінеді.
Дэвид Эстебан, экономист:
-Жұмыртқа салатын қарапайым қораптың өзі бірнеше рет қолданылатын қорапта сатылуы тиіс. Және тұтынушыны қызықтыратын айла әдіс ойластыру керек. Ол үшін жарнама жасалуы тиіс, ынталандыру маңызды. Кинотеатрда да попкорнды бір емес бірнеше рет қолданылатын эко ыдысты шығаратын уақыт келген сияқты.
Жаңа қаулының тағы бір жаңалығы – көтерме сауданы ынталандыру. Аумағы 400 шаршы метрден асатын дүкендер алты айдан кейін өнімдерінің 20 процентін целлофан қамтамасынсыз ұсынуы керек. Корольдік жарлықта қаптамаға «экологиялық таза» деген жазуға тиым салынды. Себебі өнім эко болғанмен, қораптың аты затына сай емес. Демек, тұтынушылардың құқығы бұзылады.
Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач