Энтони Блинкен: Қытай АҚШ-тың егемендігі мен халықаралық құқығына қол сұқты
Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен елдің территориялық тұтастығын бұзғаны үшін Қытайды айыптады. Ал қарсы тарап бұл аппараттың метеорологиялық, ғылыми мақсатта ұшырылғанын айтып отыр. АҚШ аспанында бірнеше күн бойы қалықтаған Қытайдың әуе шары атып түсірілген еді. Қазір қалдықтарын сүңгуірлер сүзіп алып шықты.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Бірнеше күннен бері АҚШ ақпарат құралдары Қытайдың барлау шары туралы жарыса жазып жатыр. Әуе-теңіз күштері таратқан мына кадрларда офицерлер Оңтүсік Каролина жағалауынан шардың қалдықтарын судан шығарып жатыр. Өткен демалыс күні атып түсірілген тыңшы шарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деп мәлімдеді Пентагон. Ал Қытай болса, бұл аппараттың метеорологиялық, ғылыми мақсатта ұшырылғанын айтып отыр. Бірақ бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен шулы шарға байланысты арнайы баспасөз конференция беріп, былай деді.
Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
- Өткен аптада Бейжің АҚШ-тың әуе кеңістігінде қытайлық барлау шарының ұшырып, АҚШ-тың егемендігі мен халықаралық құқықты өрескел бұзды. Бұл жауапсыз әрекет болды. Бұған жауап ретінде біз өз мүдделерімізді қорғау үшін жауапкершілікпен және сақтықпен әрекет еттік.
Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы
- АҚШ аспанындағы Қытайдың әуе шары Қытайдың қазіргі ұстанымын растайды. Біз Қытайдың соңғы 2 жылда жаңа әскери мүмкіндіктерге, соның ішінде бақылау және барлау платформаларының әртүрлі түрлеріне қомақты қаржы салғанын көреміз. Біз, сондай-ақ, қытайлық барлаудың күшейіп жатқанын көріп отырмыз.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Ал Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер бұған дейін де Қытайдың 4 әуе шары АҚШ аспанында ұшып өткенін айтты. Оның сөзінше, бұл апараттар азаматтық мақсатқа арналмаған. Оған 100% сенімдімін деді. Естеріңізге салайын, өткен аптада АҚШ әуеде бірнеше күн қалықтаған қытайлық шарды тыңшылық жасады деп атып түсірген болатын.